АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен әйелдің жағдайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Зардап шеккен адамды № 4 қалалық аурухананың дәрігерлері қарады. Алғашқы көмек көрсетілді, содан кейін амбулаториялық ем ұсынылды. Науқастың жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төнетіндей жарақаттары жоқ», - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұдан бұрын хабарланғандай, есірткіге масайған «Субару» көлігінің жүргізушісі Сейфуллин мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.