Оқиға бүгін Гашек көшесінің бойында болған. ХҚКО аялдамасы маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 15 жасар қызды автобус қаққан.
«Қызға жабық бас сүйек-ми жарақаты, өкпенің соғылуы, төрт қабырғасы мен бұғанасының сынуы және травматикалық шок диагноздарын қойдық. Оның жағдайы ауыр. Әлі реанимацияда жатыр. Соққы күшті болды. Автобустың терезесі сынып кеткен», - деді бас дәрігер.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған дерек бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқ.