Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 27 сәуірінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жанармай құю бекетінде метан газынан уланған үш адам ес-түссіз жағдайда келіп түсті.
«Қазір үшеуі де жансақтау бөлімінде, естерін жиды. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр»,- деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, кеше Алматыда жанармай құю станциясының 3 қызметкері есептегіш құралдың мәліметтерін білу үшін құдыққа түсіп, уланып қалған болатын.
Бұл туралы ақпарат сонымен қатар Instagram желісінде де пайда болды.