ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында дәрігерлер жүргіншілер жолында жеңіл көлік қағып кеткен оқушы қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, Қызылорда қаласындағы орталық көшенің бірінде жеңіл көлік жүргіншілер жолында 10 жасар оқушы қызды қағып кеткен болатын .
«Жол апатынан кейін ол бірден облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Жағдайды бағалағаннан кейін дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызды. Жасөспірімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ол түрлі жарақат алған. Дәрігерлердің тәжірибесінің арқасында бүгінде ол өзіне келген. Қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды. Оның жанында анасы бар. Жағдайы жақсы. Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық балалар ауруханасынан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.