Дәрігерлер Павлодарда трамвай астына түскен баланың хал-жайы туралы хабарлады

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі кеше кешкісін трамвай астына түсіп кеткен баланың хал-жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Трамвай астына түсіп кеткен он бір жастағы бала облыстық балалар ауруханасына орташа деңгейлі ауыр жағдайда түсті», - деп хабарлады травмотология бөлімшесінің меңгерушісі Серік Нұрланов.

«Баланың миы шайқалған,  жабық ми жарақаты бар, кеудесі жараланған, - деді дәрігер, - таңертеңнен бері жағдайы біраз оңалды. Қанағаттанарлық деуге болады. Бізде жеті күндей жатады. Шығарылғаннан кейін невропотологтың бақылауына алынады», - деді С.Нұрланов.

Ол ауруханаға 21 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыздарда жеткізілді.