«Трамвай астына түсіп кеткен он бір жастағы бала облыстық балалар ауруханасына орташа деңгейлі ауыр жағдайда түсті», - деп хабарлады травмотология бөлімшесінің меңгерушісі Серік Нұрланов.
«Баланың миы шайқалған, жабық ми жарақаты бар, кеудесі жараланған, - деді дәрігер, - таңертеңнен бері жағдайы біраз оңалды. Қанағаттанарлық деуге болады. Бізде жеті күндей жатады. Шығарылғаннан кейін невропотологтың бақылауына алынады», - деді С.Нұрланов.
Ол ауруханаға 21 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыздарда жеткізілді.