Дәрігерлердің жаңа тәжірибесіне бірнеше жыл бойы аяғы сал болып қалған 19 бен 56 жас аралығындағы 5 адам қатысты. Еріктілер профессор Виктор Эджертонның жетекішілігімен емдеу курсынан өтті. Олар 18 апта бойы бір аптада 45 минуттан үздіксіз жаттығулар жасаған. Сондай-ақ 4 апта бойы күніне екі рет буспирон қабылдаған.
Сонымен бірге емделушілерге құйымшағы мен беліне ереrшке электрлік сигнал беретін электродтар орналастырылды. Нәтижесінде барлығы 5 емделуші де аяқтарын қозғалта бастаған.
Дәрігерлердің айтуынша, әзірге емделушілер 100 пайыз жүгіріп кетеді кепілдік бере алмайды. Алайда олардың аяқтарына жан бітіп қозғала бастағаны да үлкен жетістік дейді.