Дәрігерлер соқырлықты емдеуде жаңалық жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көз торының құрылымындағы бұзылумен байланысты соқырлық ғалымдардың ашқан жаңалығының арқасында артта қалады, деп жазады Day.Az . Белгілі болғандай, иммундық жүйені көз торындағы жалпы нормадан ауытқыған қан тамырларынан арылуға мәжбүрлуге болады екен. Сол кезде көздің сау ұлпаларына иммундық жүйе әсер етпейді.

Ағзаның табиғи иммундық қорғанысы көз торындағы патологиялық тамырлы торға әсер ете алады, оны элемент ретінде есепке алып, алып тастау керек. Мұнда басты роль эндогенді медиторлар - ішкіағзалық ақуыздарға берілген. Олар басқа ақуыздарды күшейтіп, функцияларын белсенді ете түседі. Зерттеуші Кип Коннордың сөзіне қарағанда, ағза жүйесі элементтерінің әрекетін жасанды жолмен қосса, ол адамдарды диабетті ретинопатия мен шала ретинопатиядан құтқарады. Ондай жандарда көру мүмкіндігі қан тамырларының өсуін қадағаламаудан бұзылады.

Мұндай тәсілдің тиімділігі тышқандардың екі тобына жасалған тәжірибеде кезінде дәлелденді. Бірінші топқа генетикалық тұрғыда өзгеріске ұшыраған және комплемент арлықылы иммундық жүйеде белсенділіктен арылғандар кірді. Ал екінші топтағылардың иммунитеттері қалыпты жұмыс жасаған. Кейін жануарларды олардың көздеріндегі қан тамырларының нормадан тыс артатындай жағдайда қамаған. Екінші топта иммундық қорғаныс қарсылық білдіріп, тек патологиялық тамыр торларын өлтіріп отырған. Ал бірінші топта мұндай жағдай орындалмаған.