Дәрігерлер тігін инесін жұтқан қызды құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу облысында 17 жастағы қыз колготкиін торлап жамау кезінде ине жұтып қойған.

"МК" жазғандай, жапа шегушінің айтуынша, ол жіпті тарқатып жатқанда инені аузына салған. Бір кезде абайсызда жұтып қойған, ине көмекей безінде тұрып қалыпты. Өзі ештеңе істей алмағандықтан қыз жедел жәрдемнің көмегіне жүгінген. Жергілікті ауруханадағы медициналық тексеруден кейін қызды Мәскеуге апарған.

Мұнда дәрігерлер эндоскопиялық құрылғы арқылы қыздың асқазанына жетіп қалған инені алып шықты. Осылайша іс отаға дейін жетпей сәтті аяқталған.