Байғұс ата-ана түнi бойы жылап-сықтап табыттың қасында отырады. Ертесiнде, қоштасу рәсiмi кезiнде табытта жатқан бала кенеттен басын көтерiп әкесiнен су сұрайды.
Қорқып кеткен туыстарының жан айқайы шығыпты, ал анасы байғұс қуанғаннан "Ұлым бұ дүниеге қайта оралды" деп жылап жiбередi. Су сұрағаннан кейiн кiшкентай Келвин қайтадан табытқа құлайды. Бұдан соң ата-анасы баланы тездетiп ауруханаға жеткiзедi. Медициналық тексерiстен кейiн Келвиннiң өлi екенi анықталады. Ал Келвиндер отбасы "баламыз тiрi болған екен, дәрiгерлiк қателiк кетiптi", - деп дәрiгерлердiң үстiнен полицияға арыз бердi. Дегенмен де марқұмның қатты сасқан ата-анасы көпке дейiн ұлдарының өлi денесiмен не iстерiн бiлмеген. Келвиннiң екiншi рет "оянуы" мүмкiн ғой деген үмiтпен олар ұлдарын жерлеудi бiраз уақыт кешеуiлдетiптi де.
Жас Алаш