Бұл туралы Утро.ру жазады.
Төрт айлық сәбидің ата-анасы нәрестенің басының тым тез үлкейіп бара жатқанын байқап, дәрігерге келгенде, олар тиісті тексеруден соң баланың миына тіс өсіп шыққанын анықтаған.
Хирург және онколог мамандардың айтуынша, бұл баланың миында туа бітетін сирек кездесетін ісіктің қалыптасуынан орын алған. Мұндай ісіктер қатерсіз болса да, гольф добының көлеміндей болып өсіп, иіс сезу, есту және көру мүшелерінің зақымдалуына әкеледі екен.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл ісіктер нәрестеде ол анасының құрсағында жатқан кезінде-ақ пайда болып, тіс құралатын жасушалардан түзілген.
Отадан кейін нәресте өзін қалыпты сезінуде, дейді дәрігерлер. Әйткенмен, бұл құбылыс оның миының қызметін бұзған. Атап айтқанда, баланың ағзасында гормондарды дұрыс бөлу қызметін бұзылған. Енді ол өмірінің соңына дейін дәрі-дәрмек ішуге мәжбүр.