Дәрігерлер туберкулезден сақтану жолдарын ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Туберкулез - қауіпті инфекциялық ауру. Ол әртүрлі ағзаларға (өкпе, бүйрек, ішек, сүйектер мен буындар, ми қабықтары) әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Адам туберкулезді жұқтыруы мүмкін:

– туберкулезбен ауыратын адаммен сөйлескен уақытта жөтелген кезде (ең қауіпті фактор - науқастың қақырығы, қолайсыз әлеуметтік жағдайларда иммунитеттің төмендеуі, дұрыс тамақтанбау, стресс, алкоголизм, темекі шегу, нашақорлық),түшкіру, әңгімелесу кезінде (тері, шырышты қабық, жоғарғы тыныс жолдары арқылы), сондай-ақ ананың құрсағындағы ұрықтың жұқтыруы;

- ауру жануарлардың сүт өнімдерін жеген кезде.

Туберкулез ауруының белгілері:

жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұзаққа созылған жөтел және дене температурасының 37 және 37,5ᵒС дейін көтерілуі, түнде терлеу, аз жүктеме кезінде ентігу, қан түкіру.

Негізгі ескерту шаралары:

Жыл сайын дәрігерге бару, флюрографиядан өту, балаларды БЦЖ вакцинациялау, денені қатайту, спортпен шұғылдану, дұрыс калориялы, байытылған тамақтану, еңбек пен демалыстың ұтымды режимі, жаман әдеттерден бас тарту, гигиена ережелерін сақтау.