Үй ішінде баладан басқа көптеген жануарлар, солардың қатарында 15 жылан болған, деп хабарлайды New York Post.
Қызды өткен сенбі күні атасы мен әжесі иесіз қалған үйден тапқан. Сәби өліп жатқан жыландар мен мысықтардың арасында жатқан. Сонымен қатар, тірі алып жылан, қоян және ит шұғыл құтқару қызметіне жіберілді. 21 айлық қыз бала ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Иесіз қалған бұл үйде төрт ересек адам мен үш бала тіршілік кешіп жатқан.