Дәрігерлер, зейнеткерлер мен мүгедектерге тегін қызмет көрсетіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Beeline 16 мың дәрігерді интернетпен тегін қамтамасыз етті. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Beeline 2020 жылға жоспарланған желіні жаңғырту, арналарды кеңейту және апатты жағдайларды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жалпы алғанда еліміздегі барлық операторлармен бірігіп, мыңнан астам елді мекенді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлаған болатынбыз. Мысалы, Beeline биыл қосымша 76 елді мекенді интернетке қосты», - дейді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Ол желімен қамту – дағдарысқа қарсы шараларға қосқан жалғыз үлес емес екенін айтты.

«Біз төтенше жағдай кезінде білім беру ресурстары үшін интернеттің тегін қолжетімді болуын қамтамасыз еттік. Beeline 16 мың дәрігерді лимитсіз интернетпен қамтамасыз еттік. Зейнеткерлер мен мүгедектер, басқаша айтқанда әлеуметтік тарифтегі 100 мыңнан астам тұтынушыға тегін қызмет ұсынылды», - дейді ол.