Дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін қамсыздандыру моделі жыл соңына дейін айқындалады

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыру моделі жыл соңына дейін айқындалады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Министр өз сөзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттеуге тапсырма бергендігін атап өтті. «Аталған бағыт аясында біздерде жалжалды ахуалды сотқа жеткізбей шешу тетігін қолдану арқылы медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін қамсыздандыру моделі айқындалатын болады. Сәйкес заң жобасы одан әрі қарап, талқылау үшін министрлік тарабынан енгізіледі. Біз мұны ағымағы жылдың соңына дейін жасауды жоспарлап отырмыз», - деді С.Қайырбекова.