«Денсаулық сақтау министрлігі індет құрбандарын еске алуға арналған мұндай флешмобқа бастамашы болған емес. Дәрігерлердің флешмобқа шығуы туралы бастама Медицина қызметкерлері қауымдастығы тарапынан орын алған. Денсаулық сақтау министрлігі ретіндегі біздің міндетіміз - санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету. Біз адамдар арасында қандай әлеуметтік арақашықтық болуы керектігін, маска тағу режимінің сақталуы керектігін еске салдық», - вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай7
Сонымен қатар ол аталған флешмобқа бастама жасаған адамдарды жазалау қарастырылмағандығын айтты.
«Меніңше, бұл жерде жаза тағайындау туралы мәселе болмауы керек», - деді Людмила Бюрабекова.
Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде - бүкіл елімізде коронавирус індетінен қаза тапқандарды Жалпыұлттық аза тұту күні болды. Осы күні Шымкент дәрігерлері көше бойында флешмоб өткізген еді.