«Шығармашылық адамдары онлайн-концерттер өткізіп, еріктілерге көмектесіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдау көрсету мақсатымен бірігуде. Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, « Біз біргеміз « жалпыұлттық акциясына қосыламыз. Мурал салудағы басты мақсат ‒ дәрігерлерге алғыс білдіру! Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкерді батыр деп санаймыз. Қала әкімдігіне білдірген қолдауы үшін алғыс айтамыз. Үлкен шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Біз біргеміз! » — деді Кристина Бекмурзаева.
Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті.
19:43, 18 Сәуір 2020
Дәрігерлердің құрметіне үйлердің қасбетіне сурет салынуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Елорданың шығармашылық қауымдастығы суретті медициналық қызметкерлерге арнап салып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды.