ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподағы дәрігерлерді толғандырған сауалдарға жауап беретін call-орталықты іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында кәсіподақ мүшелері медицина саласы қызметкерлерінің сауалдарына жауап беру мақсатында call-орталықтың іске қосылғанын айтты.
«Мұндағы негізгі мақсат – қандай да бір мәселелерге тап болған ақ халаттыларға қажетті көмек көрсету. Сенім телефонына: 8 (776) 466 67 77, 8 (775) 125 25 39 және 8 (777) 268 09 65 нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады», - дейді ұйымдастырушылар.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.