«Өкінішке қарай, бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр, оған жасанды тыныс алу аппараты жалғанған», - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Дәрігерлер баланың қайғы шегіп отырған анасын айыптамауды сұрайды. Балаға жазда қолы сынғандықтан екі рет ота жасалған. Дәл осы Цеф-3 препаратын дәрігерлер бала палатада жатқанда да еккен, ол кезде балада аллергия байқалмаған.
Үшінші қыркүйекте шешесі суық тиген баланы өзі емдемек болып, дәріханадан осы препаратты сатып алған. Ал дәріні балаға көрші келіншек егіп берген.
«Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар дәрігердің нұсқауынсыз антибиотиктерді егеді немесе ішкізеді. Бұлай етуге болмайды, - дейді облыстық балалар клиникалық ауруханасының емдеу жұмыстары жөніндегі бас дәрігер орынбасары Нина Деркач. - Антибиотиктер нақты тағайындауды талап етеді. Егер баланың бірер дәріге аллергиясы болмаса, кейіннен түрлі факторлардың әсерінен жағдай өзгеруі мүмкін».
Еске сала кетейік, үшінші қыркүйек күні 17:45-те бала облыстық клиникалық ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Оған дәрі еккеннен кейін бала есеңгіреп, ес-түссіз қалған. Қазір ол комада жатыр.
Кең қолданыстағы Цеф-3 (цефтриаксон ) препараты дәріханаларда рецептісіз беріледі.