Тамыздың 14 күні сағат 11-00 де Қарасай аудандық сотының ғимаратында алдын ала тыңдалымы өтеді. Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қаралады. Күдікті Азамат Құлымбетов «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға биыл 18 ақпанда Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үйлерінің бірінде орналасқан дәріхана ішінде болған. 1983 жылғы Азамат Құлымбетов әйелінің жұмыс орнына келіп, оны аяусыз пышақтап, өлтірген. Және оның бұл әрекеті бейнекамераға түскен. Ал қаза тапқан 33 жастағы Жанар Насырованың артында екі баласы қалды.