DariKz дәрі іздеу қосымшасы іске қосылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде дәрі-дәрмек іздеуге арналған DariKz мобильді қосымшасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрілік заттар менмедициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаеваталмыш қосымша арқылы смартфоннан Қазақстан аумағында тіркелген дәрілер туралытолыққанды ақпарат алуға болатынын айтады.

«Болашақтадәрілердің министрлік бекіткен шекті бағалары да орнатылатын болады. Егеріздеген бәрінің бағасы сол шекті бағадан артық болса, шағымдану бұрышына өзталап-тілегіңізді қалдыруға болады. Оны біз тауарлар мен көрсетілетінқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жолдаймыз. Сондай-аққосымшаның аранйы бөлімінен дәрі-дәрмек саласындағы ақпараттар мен жаңалықтардыоқуға болады. Тіпті бұрынғыдай дәріні қолдану нұсқаулығын сақтаудың қажетіболмайды деп ойлаймыз», - деді ол.

Орталық өкілініңайтуынша, қосымшаны смартфонға Play Market және App Store арқылы жүктеугеболады.

«Іздеген дәрініқосымшада препараттың саудалық немесе халықаралық патенттелмеген атауын, тіркеунөмірін теру арқылы табуға болады. Қаптамадағы кодтық деректерді сканерлеуарқылы іздеу жүйесін де іске қосамыз. Қазірдің өзінде 7 мыңнан астамдәрі-дәрмек туралы ақпарат енгізілген», - дейді орталықтың бас директоры.

Аталмыш орталық бас директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Жүнісовтіңайтуынша, қосымшада кез келген дәріге қатысты қауіпсіздік және сараптамалықдеректер де берілген.

«Дәріні тіркеунөмірі бойынша іздеу үшін қосымшадан дәрінің қаптамасын тіркеу куәлігініңнөмірі көрсетілген бетінен суретке түсіріп алу керек. Іздеу нәтижелері шығатынбетте нақты тіркеу нөмірімен дәрілік препарат туралы толыққанды ақпарат пайдаболады. Ақпарат қолданушының қалауына қарай қазақ және орыс тілдеріндеұсынылады», - деді ол.

Орталықтың басдиректоры Арнұр Нұртаев сөзіне қарағанда, бұл қосымша мекеме мамандарыныңкүшімен жасалған.

«Бұл жобаны қолғаалғанымызға бір жылдай уақыт болды. Қосымшаны бастана-аяқ өз мамандарымыз жасапшығарды. Содықтан бюджеттен ешқандай қаржы шығындалған жоқ. Ал дәрі-дәрмектертуралы қажетті деректер қоры біздің орталықтың 2010 жылдан бері жинақталған», -деді орталық басшысы.

Соңғы жаңалықтар