деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік органдардың дәрі-дәрмекті сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсауына жүргізілген мониторинг кезінде емдеу препараттарын аса жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Тіпті дәрінің бір түрі ондаған есе айырмашылығы бар бағамен сатып алынған»,-деді ресми өкіл.
Н. Сүйіндіков Алматы мен Атырау облыстарында сатып алынған бір өндірушінің дәрілік препаратының бағысын мысал ретінде келтірді. Оның айтуынша, аталған дәрі-дәрмек Алматы облысында 290 теңгеге, ал Атырау облысында 3,5 мың теңгеге сатып алынған.
«Осы анықталған фактілер бойынша материалдар алдын ала тексеру және тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржы полициясы органдарына жолданды»», - деді ресми өкіл.