Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы сотының 2017 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС ӘҚБтК-нің 159-бабы бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық үшін кінәлі деп тану туралы Алматы қаласы МАӘС-тің 2017 жылғы 7 ақпандағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.
Осыған ұқсас шешімдер осы картельге қалған екі қатысушы - «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-ға және «СТОФАРМ» ЖШС-ға қатысты қабылданды.
Айталық, Павлодар және Қостанай облыстық соттары азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 27 сәуірдегі және 3 шілдедегі қаулыларымен осы компанияларды ӘҚБтК-нің 159-бабы бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық үшін кінәлі деп тану туралы Павлодар қаласы МАӘС-тің 2017 жылғы 17 наурыздағы және Қостанай қаласы МАӘС-тің 2017 жылғы 6 маусымдағы қаулылары өзгеріссіз қалдырылды.
Үш компания бойынша айыппұл санкцияларының (әкімшілік айыппұл және монополиялық табыс) жалпы сомасы 500 млн.-ға жуық теңгені құрады. Шешімдер заңды күшіне енді.
2017 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша «СТОФАРМ» ЖШС 2 366 766 теңге мөлшерінде монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алған монополиялық табысты мемлекет бюджетіне төледі.