Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
АТЫРАУ. KAZINFORM – ️ Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімімен Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Дарын Дүйсембайұлы Индер ауданында туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Индер ауданындағы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, жалпы бөлімнің меңгерушісі болған.
2012-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2021 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Ал, 2021-2022 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалған. Осы тағайындауға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық Білім басқармасының басшысы тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.