Дарина Құлсеитова «Әлем аруының» жартылай финалында өнер көрсетті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дарина Құлсеитова Манилде өтіп жатқан «Әлем аруы» байқауының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлем аруы» атағына 86 үміткер жартылай финалдың үш кезеңіне қатысты - олар өз-өздерін таныстырып, сахнаға кешкі көйлек пен шомылу киімінде шықты.


Байқаудың ақтық сыны 29 қаңтар күні өтеді, оған 12 ару ғана жолдама алады. Еске салайық, биыл ұйымдастырушылар жаңа ереже енгізді, ол бойынша қазылар алқасы ТОП-11-ді өздері атайды, ал соңғы ару көрермендердің дауысымен анықталады. Бұған дейін Дарина Құлсеитова қазақстандықтардан өз дауыстарын беруді өтінген болатын.









Дизайнер Наиль Байкүшіковтің кешкі көйлегі

«Әлем аруы» халықаралық байқауы осымен 65-інші рет өтіп отыр. 12 қаңтар күні Манилде басталған бәсекеге Қазақстан атынан Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің үшінші курс студенті, 19 жастағы Дарина Құлсеитова («Семей аруы») қатысуда.

Дарина «Әлем аруының» ақтық кезеңіне өтіп жатса сахна төріне қазақстандық белгілі дизайнер Аида Кауменованың ұлттық көйлегімен шығатын болады.

Соңғы жаңалықтар