Зерттеушілер 14 белсенділігі жоғары балаларды бақылаған, оларға назар тапшылығы синдромы диагнозы қойылды. Таблетка орнына оларға 36 ингредиентпен минералдар кешені мен дәрумендер берілді.
Бұл препараттарды балалар сегіз апта қабылдады. Содан кейін төрт апта үзіліс жасады. Осындай қабылдау-демалу режімі алты айлық зерттеу аралығында қайталанып отырды.
Терапеяның тиімділігі жоғары болып шықты. Балалар биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) қабылдауды тоқтатқан кезде синдром белгілері бірнеше күнде қайта пайда болды. Тіпті беймазалық, күйгелектік кезінде тыныштандыру дәрілері көмектесе алмаған болса, дәрумендерді қабылдаған кезде балалардың көңіл күйлері көтеріңкі болды.