«Дарын» РҒПО тамыз педагогикалық кеңесін online режімде өткізуде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы тамыз педагогикалық кеңесін алғаш рет online режімде өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындапедагогтың үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбындағы кеңестің мақсаты - білім мазмұнын жаңарту жағдайындамамандандырылған мектептерде сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Елордада өтіп жатқан педагогикалықалаңның onlineжұмысына мамандандырылғанбілім беру ұйымдарының мектеп директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері,өңірлердің Білім басқармаларының, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалықорталықтарының өкілдері қатысуда.

«Қазіргізаман қоғамында болып жатқан әлеуметтік процестер баланың жеке тұлғасына жәнеішкі дүниесіне бағытталған жаңа білім беру мақсаттарынәзірлеу үшін дамытудың алғышарттарын жасайды. Әлем біздің көз алдымыздақарқынды өзгеріп отырады. Білім беруді ғана емес, экономика мен қоғамның орнықтыдаму жолында адамзат үшін елеулі жаһандық проблемаларды белгілейді. Эйнштейнайтпақшы, туғызған ойлау моделін өзгертпей, ескі мәселелерді шешу мүмкін емес.Бұл жағдайда болашақ білімнің инновацияларында екендігін айқын көреміз.Заманауи әлемде «жетілдіруді дамыту» - сұранысқа ие емес», - деді «Дарын» орталығынан.