Дастан Мұқашбеков Парижде өтетін паралимпиадаға жолдама жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Дастан 15,74 метр нәтижесімен ядро итеруде үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Турнир Парижде 8-17 шілде аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1200-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілхасымқызы өнер көрсетеді.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты - іріктеу турнирі, онда алғашқы 4 орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы паралимпиадаға жолдама алады.