Дастан Сәтбаев әлемдік футболдағы ең үздік жас таланттар қатарына қосылды
АСТАНА.KAZINFORM - Британдық The Guardian газеті әлемдік футболдағы ең үздік 60 жас талантты атады. 2008 жылы дүниеге келген келешегі зор ойыншылар тізімінде алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтбаев та бар, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
— Сәтбаев — биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық «Қайраттың» ең жарық жұлдызы. Ол 2024 жылдың мамыр айында, яғни 16 жасқа толуына үш ай қалғанда, Қазақстанның жоғарғы дивизионында дебют жасағаннан бері үлкен үміт күттірді және ол ең шешуші сәттерінде оны ақтап шықты, — деп жазады британдық басылым.
Басылым Сәтбаевтың бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (Любляна) қақпасына гол соққанын, сосын Финляндияның КуПС клубымен ойнағанда ерекшеленгенін, ал Словакияның «Слован» командасымен (Братислава) өткен ойынның соңғы минутында «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жеткен кезде шешуші пенальтиді орындағанын еске алады.
— «Челси» қаңтар айында Сәтбаевпен 4 миллион еуроға келісім жасасқанына қуанатын шығар, өйткені оның құны болашақта айтарлықтай өседі деген болжам бар. Ол жылдамдық пен техниканы өз жасынан әлдеқайда жоғары ойын шеберлігімен үйлестіреді және 2026 жылдың тамызында Стэмфорд Бридж клубына қосылғанда ағылшын Премьер-лигасында өзін тағы көрсетуге үмітті, — деп жазады The Guardians.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дастан Сәтбаев «Челсидің» көзіне қалай түскенін айтып берген еді.