— Он жыл бұрын Дастан «Қайрат» Академиясына арманымен, өзіне деген сеніммен, футболға деген сүйіспеншілігімен келген еді. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады. Сіздерді Сатпаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын тамашалап, түлегімізді құрметтеп шығарып салу, маусымның маңызды кезеңінде команданы қолдау үшін «Орталыққа» шақырамыз. «Атырау» және «Қызылжар» командаларына қарсы өтетін өз алаңымыздағы матчтарға билет сатыла бастады. Біздің түлегіміз үшін бұл кездесулер лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» құрамындағы соңғы ойындар болмақ, — делінген клуб хабарламасында.
13 маусым (сенбі) | 18:00
«Қайрат» — «Атырау»
17 маусым (сәрсенбі) | 19:00
«Қайрат» — «Қызылжар»
— «Қызылжарға» қарсы матчтан кейін Орталық стадионда шабуылшымызға арналған қоштасу рәсімі өтеді. Ол алдағы уақытта еуропалық үлкен сахнада жаңа сынаққа қадам басады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Дастан Сатпаев Қазақстандағы ЖОО-да оқу үшін грантқа ие болған еді.