Дәл қазір елордадағы «Астана-арена» стадионында өтіп жатқан ойында алғашқы минуттан қазақстандық футболшылар алға қарай ұмтылды. Осындай сәттердің бірінде Дастан қарсылас қақпасынан саңылау тауып кетті. Бұл – 17 жастағы жас футболшының құрама сапында соққан алғашқы голы.
Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2025 жылдың 19 наурызында Кюрасао құрамасы қарсы кездесуінде жасады. Қазірге дейін алты ойын өткізіп үлгерді.
Қазір турнир кестесінде қазақстандық футболшылар 7 ойыннан кейін 7 ұпаймен төртінші орында келе жатса, Бельгия 14 ұпаймен көш басында тұр.
FIFA рейтингінде Қазақстан құрамасы 119 орында тұрса, Бельгия 8 орынға жайғасқан.
Қазірге дейін отандастарымыз Уэльстен екі мәрте (1:3, 0:1), Солтүстік Македониядан (0:1), Бельгиядан (0:6) есебімен жеңіліп, Солтүстік Македониямен (1:1) тең түссе, Лихтенштейнді (4:0, 2:0) екі мәрте тізе бүктірді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен кездесетінін жазған едік.