Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің танымал футболшысы, «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.

Айтулы бастама халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тауып, әлем елдері бірауыздан жанашырлық, ынтымақ пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға жұмылды.

Айта кетелік Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат ойыншысы атанған еді