18 жастағы футболшы 2 қыркүйекте Англия Чемпионшипінің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы өткен кездесуде жарақат алған еді.
— Үздік ойыншы жарақат алды. Хабарларға қарағанда, Дастан Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы матчта алған жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шыға алмауы мүмкін. Ол ауыстырылған кезде аяғын ұстап шықты. Қалпына келу кезеңінде футболшы «Челсиге» оралады, ал жарақатынан айыққаннан кейін қайтадан солтүстікке аттанады, — деп хабарлады Talk BFC порталы.
«Мидлсброға» қарсы ойында Дастан Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Матч 1:1 есебімен аяқталды. 81-минутта қазақстандық шабуылшы аяғынан жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады.
Кейін «Бернли» клубы Сәтпаевтың қалпына келуіне бірнеше апта қажет болатынын хабарлады.