Дастан Сәтпаев жазда ауысатын «Челси» командасына жаңа бапкер келді

АСТАНА. KAZINFORM – Англиялның «Челси» командасы испаниялық 44 жастағы маман Хаби Алонсоның бас бапкер болып тағайындалғанын жариялады.

Фото: chelseafc.com

Тәжірибелі бапкер лондондықтармен 4 жылға келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт 2030 жылдың жазына дейін жарамды. Ол 1 шілдеден бастап жұмысқа кіріседі.

2025/26 жылғы футбол маусымда «Челси» басшылығы Энцо Мареску мен Лием Розенорды қызметінен алып тастады. Олардан кейін команданы бас бапкер міндетін атқарушы Калум Макфарлейн басқарды. 

Хаби Алонсо футболшы мансабында «Ливерпуль» (Англия), «Реал Мадрид» (Испания) және «Бавария» (Германия) командаларында ойын көрсетті. Ол бапкерлік мансабында бұрынғы футболшысы жаттықтырушы ретінде Испанияда «Реал Мадридтің» жасөспірімдер, содан кейін «Реал Сосьедадтың» екінші командасымен жұмыс істеді. 

2022 жылдан 2025 жылға дейін ол германиялық «Байерді» жаттықтырды. Ол 2023/24 жылғы маусымда Германия чемпионы атанды, турнирді жеңіліссіз аяқтады, оған қоса кубок пен елдің суперкубогын жеңіп алды.

Хаби Алонсо 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың қаңтарына дейін басқарған испаниялық «Реал Мадрид» клубының тізгінін ұстады. Тәжірибелі маман 34 матчта ол 24 жеңіске жетіп, 4 рет тең түссе, 6 жеңіліске ұшырады.

Айта кетсек, алматылық «Қайрат» командасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында Челси» сапына қосылады