Оның айтуынша, “Челси” футбол клубы жақында 18 жасқа толған ойыншысын Англияның деңгейі жағынан екінші лигасы - Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернлиге» жалға берді.
- HERE WE GO! «Бернли» «Челсидің» дарынды шабуылшы Дастан Сатпаевпен келісімшарт бойынша келісімге келді.
Қазақстандық 18 жасар шабуылшы командаға жалға беріледі. Келісімде кейін сатып алу құқығы қарастырылмаған, себебі Сатпаев маусым айында қайта оралады. Бұл — Макс Аллейнмен жасалған келісімнен кейінгі «Бернли» жобасы үшін тағы бір жас дарынды ойыншы, - делінген оның жазбасында.
Еске салайық, былтыр Дастан Сәтпаевтың “Қайраттан” «Челсиге» ауысатынын алғашқылардың бірі болып Фабрицио Романо хабарлады.
Сәтпаев биыл маусым айында “Қайрат” сапындағы соңғы матчын өткізіп, Лондонға аттанған болатын. Ол бапкер Хаби Алонсоның қол астында “Челсидің” маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысты. Австралияда «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы ойында алғашқы голын соғып та үлгерді.