«Інжу-Маржан» атты дәстүрлі музыка кеші «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті.
«Алматы» телеарнасында «Інжу-маржан» атты музыкалық жобаның жүріп жатқанына көп болды. Осы бағдарлама арқылы көрермен тек ән тыңдап қана қоймай, сол әннің шығу тарихы жайлы біліп жатыр. Бүгінгі «Інжу-маржан» атты дәстүрлі музыка кеші сол хабардың жылдық қорытындысы ретінде өтіп отыр. Сондай-ақ, күллі Алаш жұртының мақтанышы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналады. Түрлі буын өкілдері қатысқан кеш керемет әсер қалдырды. Көрерменнің халық қазынасы, дәстүрлі ән-күйге деген ықыласы тіпті ерекше. Ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрлі өнерімізді насихаттайтын осындай жобалар көптеп өткізілсе дейміз», - деді белгілі әнші Рамазан Стамғазиев.