Дәстүрлі шара барысында Қазақстанда 500 мың ағаш отырғызылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі екінші жыл қатарынан көктемде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнін» өткізуде Мақсат - қазақстандықтар арасында табиғатты аялау, ормандарды сақтау мен қалыпқа келтіру, қалалар мен елді мекендердің маңын көгалдандыруды насихаттау, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Шара 18 сәуірде барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында өтеді. Бұл күні 500 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылады. Көшеттерді отырғызуға АШМ басшылығы мен қызметкерлері, табиғатты қорғау мекемелерінің өкілдері, мемлекеттік орман иелері, республикалық және жеке кәсіпорындар, жастар ұйымдары қатысады.

Өткен жылы шараға 226 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Олар шамамен 660 мың ағаш пен көшет отырғызды.