Дауасыз телефон алаяғы тағы да бас бостандығынан айырылды - Павлодар
11:02, 07 Сәуір 2012
ПАВЛОДАР. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Железин аудандық соты ҚР ҚК-нің 177-баптың 1 бөлімі және 177-баптың 2 «б» бөлімінде көрсетілген- алаяқтық қылмысы бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.
Бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан сотталушы өткен жылдың мамыр айында белгісіз әйелге ұялы телефоннан қоңырау шалып, 50 мың теңге ақшасын ұрлаған. Такси жүргізушісі бұл ақшаны зардап шеккен әйелден алып, алаяқтың ұялы телефонына лақтырған.
Азамат алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режімдегі түзеу мекемесінде өтейді. Ол телефон алаяқтығы үшін бұған дейін де бірнеше рет істі болды.
Үкім заңды күшіне енді.