Дәулеткелді Жаңбырбай алғашқы айналымда сүрінді
ПАРИЖ. KAZINFORM — Бүгін садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулеткелді Жаңбырбай Париж Олимпиадасының 1/32 финалында жекелей сында бақ сынады.
Өкінішке қарай, отандасымыз садақ атудан жекелей сынның іріктеуінде Хорхе Энрикестен (Колумбия) 7:3 есебімен ұтылып, Олимпиада ойындарын аяқтады.
Осыған дейін тағы бір қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Олимпиаданың алғашқы кезеңінде канадалық Эрик Питерстен 4:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 1 тамызда Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың 4 түрінен – садақ ату, нысана көздеу, дзюдо және бокстан сынға түсіп жатыр.
Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.
Медальдар кестесінде 16-орынға жайғасты.