«Жоқ, бұл Мұхтар Әбілязовтің сұхбатымен байланысты емес. Бұл телекоммуникациялық желілердегі техникалық іркіліс. Мұндай жайт оқтын-оқтын орын алып тұрады. Дегенмен, менің түсінуімше, бұл 16 желтоқсанға дәл келуіне байланысты белгілі бір деңгейде резонанс тудырды», - деді министр.
Естеріңізге сала кетсек, 16 желтоқсан күні бірқатар әлеуметтік желі, оның ішінде Facebook, Instagram, YouTube видео-хостингі, сонымен қатар Google іздеу жүйесі жұмысында іркілістер болған еді. Осыған орай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі әлеуметтік желілер мен іздеу жүйесіндегі мұндай іркілістің техникалық себептерге байланысты орын алғандығын хабарлаған-ды.