Жалған ақпаратты қамтитын роликтер көптеп кездесетіне тоқталған министр, осы орайда әрбір адам бұл мәліметтерді ажырата білуі керектігін жеткізді.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жетілдіріліп жатыр. Алайда жалған ақпараттарды да жетілдіру деңгейі байқалады», - деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Министрдің атап өтуінше, жалған ақпараттарды анықтауда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жалғыз күш-жігері жеткіліксіз.
«Баланы тәрбиелеуде (баланың дамуына зиян келтіретін мәліметтерге тосқауыл бойынша) ата-ананың да күш-жегері керек. Яғни, балалар нені көріп жатқанын немен айналысып жатқанын қарау қажет. Білім және ғылым немесе Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері осының барлығын қадағалай алмайды. Бұл бағыттағы шараларды ата-аналар да назарда ұстауы керек», - деді министр.