Дәурен Абаев Геннадий Головкин мен Қазақстан футбол құрамасының жеңісін өткен аптаның ең бір жарқын сәті деп бағалады.
«Филипп Морис» компаниясының вице-президенті Марион Зальцманның өткен аптадағы сұхбаты ерекше есімде қалды. Ол Қазақстанға бірінші рет келіпті. Өзі сұхбатында мұндай Алматыдай әдемі қаланы өте сирек кездестіргенін айтқан. Қазақстан туралы, Алматы туралы ақпаратты көп іздегенін айта келіп, «Софияны көремін деп күткен едім. Бірақ мен Сан-Францисконы көргендей болып қайттым» депті. Әлемнің көптеген қалаларын көрген танымал маманның бұл пікірі үлкен лебіз деп ойлаймын», - деді министр.