«Алда - Алғыс айту күні келе жатыр. Ертең осы күнді еліміз атап өтеді. Біз осымен төртінші рет осы мерекені атап өткелі отырмыз. Осы мерекенің халықтың көңілінен шыққаны қуантады. Ол қазақ жеріне, қазақ халқына деген құрметті ғана білдіріп қоймай, біздің басты құндылығымыз - бейбітшілік және бірлік, келісімді көкке көтереді. «Жаңбырмен жер көгереді, алғыспен ел көгереді» деген сөз бар. Осыдан артық айту қиын», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетсек, Қазақстан халқы ертең өз тарихында төртінші рет Алғыс айту күнін атап өткелі отыр. 2016 жылдың 14 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойып, оған сәйкес, 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған болатын. Айта кетерлігі, дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылған еді.