Кездесуде тараптар стартап экожүйелерінің дамуына және екі елдің венчурлық қаржыландыру институттарына қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, цифрлық экономика бойынша комиссия құру да жоспарланды. Комиссия Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссия аясында құрылады.
Сондай-ақ, кездесуде талқыланған өзекті мәселелердің бірі - блокчейн технологияларын қолдану мен оның құқықтық реттелуі болды.
Кездесу соңында тараптар, жоғары технологиялар саласында екіжақты ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды.