АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасы арқылы еліміздің еріктілеріне арналған әлеуметтік роликпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл әлеуметтік ролик өздерінің қалтқысыз еңбектерімен әлемімізді жақсарта түсетін Қазақстанның барлық еріктілеріне арналады», - деп жазды министр.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылғанын жария еткен болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.