Дәурен Абаев: Қазақстандықтар «Цифрлық Қазақстан» қызметін пайдалануды үйренуі керек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев халық үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қызметін пайдаланудың маңызы зор екенін мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



«Электронды үкімет пен «Цифрлық Қазақстан» секілді бағдарламалардың көмегімен азаматтардың өздері-ақ анықтама ала алатындай жолды үйрете білуіміз керек. Бұл креативті қоғам құруға септігін тигізеді - адамдар өздері-ақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қызметін қолдана алар еді», - деді Дәурен Абаев Астанадағы миграциялық ХҚКО-ының ашылу салтанатында.

Министр өз сөзінде мұндағы басты мақсат азаматтардың цифрлық қабілетін көтеріп, өздеріне керекті құжатты ала білу мүмкіндігін жолға қою екенін мәлім етті. 2017 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 37 миллионға жуық адамға қызмет көрсетті. Соның ішінде 24 миллионға жуығы электронды құжаттарды қолданды. Бұл бағытқа жылдан жылға сұраныс көбейіп келе жатыр. Сондықтан, осындай цифрлық ХКҚО-ны әр қалада ашуға өзімізге талап қоя білуіміз керек», - деді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, осы салаға қатысты барлық құрылым адамдардың өздері керекті қызметтерді қолдана алатындай жағдай жасауды көздейді.

«Осындай цифрлық ХҚКО-ны арқылы біз халықты осы салаға үйрететін боламыз. Бүгінгі күні, мінекей, біз миграциялық ХҚКО-ға келіп отырмыз. Бір ғана мысал келтіре кетейін: бұрын шетелдік азаматтың Қазақстанда еңбек етуі үшін қажетті құжаттарды жинау үшін 5 күн кететін. Яғни, шетелдік азаматтың алдында кедергілер көп еді. Ал қазір, кедергісіз миграциялық ХҚКО-ны аштық. Демек, бұдан былай шетелдік азаматтар барлық құжат жұмыстарын бір ғана жерде, яғни осында бітіреді. Осы ХКҚО арқылы шетелдік азаматтар құжат жұмыстарын бұрынғыдай 5 күн емес, 1-2 сағаттың ішінде шешетін болады», - дейді Дәурен Абаев.

Ол сонымен бірге, миграциялық ХҚКО-ның бұрынғы жұмыс реті шетелден инвестиция тартуда кедергі келтіріп келгенін атап өтті.

«Жұмыс берушілер үлкен кедергілерге тап болатындықтан, яғни бес күндік құжат жұмысының әуресінен шетелдіктерді жұмысқа әкелуден қорқатын еді. Бүгінгі жасалып жатқан қадам біздің инвестициялық тартымдылығымызды арттырып, елімізге келетін туристердің санын арттырады деген үміттемін», - дейді министр.



Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталған болатын.



«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуде процесстердің цифрландырылуын қамтамасыз ету керек», деген Президент өз Жолдауында.