Дәурен Абаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ардақты ағайын! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға береке, елімізге ырыс пен ынтымақ, жақсылық әкелсін! Ақ мол, жыл жемісті болсын!» - деді өз құттықтауында министр.

Айта кетейік, биыл қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай қатарынан бес күн демалып жатыр. Еліміздің өңір-өңірінде көже дайындалып, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Астана қаласында мерекеге орай бірнеше алаңда жалпыхалықтық мереке жалғасып жатыр.