«Құрметті достар, бүгін бірқатар БАҚ-та KazSport HD телеарнасы таратылымын толықтай тоқтататыны жөнінде ақпарат пайда болды. Алайда, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған ресурс бұрынғысынша «Отау ТВ» жерсеріктік операторының пакетінде қолжетімді бола бермек»,-деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Бұған қоса, ертеңнен бастап «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналары «Отау ТВ» пакетінде жоғары сапалы HD форматында хабар тарата бастайды»,-деп мәлімдеді министр.