«Ең алдымен, қаза тапқандардың туған-туыстарына, отбасыларына қайғыра көңіл айтқым келеді. Бұл - орны толмас ауыр қаза. Бүкіл халық олармен бірге қара жамылды. Президент мәлім еткендей, марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті материалдық көмек көрсетілетін болады. Қорғаныс министрлігі тұрақты түрде жағдай туралы ақпарат таратуда. Бізге Қорғаныс министрлігінің жанынан құрылған комиссия жүргізетін тергеу жұмыстарының ресми нәтижесін күту ғана қалды», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.
Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі - 13 адам қаза тапты.
Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен фотосуреттерін жариялады.