Дәурен Абаев: Жыл ішінде екі арнайы ХҚКО ашылады
13:56, 17 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл аяғына дейін Қазақстанда екі жаңа арнайы ХҚКО ашылады. Бұл туралы Хабар арнасында «Ашық диалог» тележобасында ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлім етті.
«Арнайы ХҚКО-ларда біз 700 мыңға жуық жүргізуші куәлігін бердік. 3,5 млн мемлекеттік қызмет көрсеттік. Біз барлығын автоматтандырдық. Арнайы ХҚКО салдық. Өкінішке орай, қазір мұндай арнайы ХҚКО-лар барлық жерде емес, 12 қалада жұмыс істейді. Қазір осы үрдісті жалғастырып жатырмыз. Жыл аяғына дейін тағы екеуін іске қосамыз деп ойлаймын», - деді министр.
Сондай-ақ Дәурен Абаев «ерекше» нөмірлер жайында айтты.
«Бүгінде мемлекеттік қазынаға мұндай нөмірлер есебінен шамамен 5,3 млрд теңге түсті», - деп сөзін түйіндеді ол.